Балалары оқуға түсе алмаған ата-аналар спорт саласына қосымша грант бөлуді сұрайды

20.08.2020

Спорт саласына бөлінген мемлекеттік грант тым аз. Балалары оқуға түсе алмаған 40-қа жуық ата-аналар осылай деп шағымдануда. «Балаларымыз кішкентайынан жаттығудан көз ашқан жоқ. Талай жарыстардан оза шапты. Енді оқуға түспеуі əділетсіздік»,- дейді олар. Алаңдаулы ата-аналар қосымша грант бөлінсе дейді. Себебі ақылы оқытуға көбінің мүмкіндігі жоқ.

Ал өз кезегінде Білім жəне ғылым министрлігі биыл бұл салаға гранттың көп бөлінгендігін айтып отыр. Жазира Оразқызы баяндайды.

Хабарламаларға жазылу