Биыл дефектология мамандығына грант көп бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл дефектология мамандығына грант көп бөлінген

04.07.2014
Биыл дефектология мамандығына грант көп бөлінген

 

Бүгін Астанада «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайына талдау» атты дөңгелек үстел өтті.

Басқосуға ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының  басшысы Вячеслав Калюжный, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукита, ЮНИСЕФ халықаралық сарапшысы Франциска Гассманн, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Статистика агенттігі және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.

Шара барысында Қазақстанда инклюзивті қоғам құру аясында мүмкіндігі шектеулі  балалардың жағдайына жасалған талдау ұсынылды.

ЮНИСЕФ-тің халықаралық сарапшысы Франциска Гассманның айтуынша,  мектепте мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуді білмейді. «Олардың мектепке сіңісіп кетуіне ұстаздары ықпал етуі тиіс. Ал мұғалімдер әртүрлі жағдайдан шыға алуы керек. Сондықтан оларға арнайы курс ұйымдастыру қажет» - деді ол.

Ал Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының  (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукита: «Мүмкіндігі шектеулі балалармен қарым-қатынасты өзгертіп, жан-жақты қолдау қажет. Мысалы, ғимараттарда олардың кіріп-шығуына жағдай жасалу керек», - деді.

Сондай-ақ, жиында ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі биыл дефектология мамандығына грант көп бөлінгенін жеткізді. 

Хабарламаларға жазылу