Елімізде инклюзивті білім беретін педагогтарды даярлайтын арнайы институттар құру қажет. Өйткені, мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытатын мамандар саны тапшы. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Заманауи білім берудегі толеранттылық» атты халықаралық конференцияда айтылды. Статистикаға сай, елімізде 150 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Алайда, олардың 50% жуығы арнайы білім беру орындарының жетіспеуінен, қарапайым мектептерде оқуға мәжбүр.
Айдана ҮСЕНБАЙ