Депутат: Аутист балаларға білім беретін маман тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: Аутист балаларға білім беретін маман тапшы

25.02.2022

Елімізде аутист балаларға білім беретін маман жетпей жатыр. Сенат депутаты Ләззат Қалтаева ауылды жерлердегі балалар тасада қалып барады деп дабыл қағуда. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған депутаттар елордадағы № 88 мектеп-лицейіне барып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту барысымен танысты. Сенаторлардың сөзінше, аутист балалармен жұмыс істейтін педагогтар арнайы оқытылуы қажет. Сондай-ақ ата-аналарға да жан-жақты бағыт бағдар берілсе дейді. Әрі, мұндай балалар басқа да оқушылармен бірге мектепте оқуы тиіс. Сондықтан, бұл тәжірибені еліміздің өзге де оқу ошақтарына енгізу керек. Сенат ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың жаңа нормаларын қабылдауға дайын екенін айтты. Қазір осы мәселеге қатысты заң жобасы дайындалып жатыр.

Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Ерекше қажеттіліктері бар оқушылар инклюзивті оқытумен толық қамтылуы қажет. мұнда аутизммен ауыратын балаларға жан-жақты жағдай жасалған. Сондықтан еліміздің басқа мектептерінде осы тәжірибе кеңінен енгізілсе дейміз. Бұл аутист балалар мен олардың ата-аналарына көп көмек болар еді.


Хабарламаларға жазылу