Биыл Қазақстандағы президенттік институттың қалыптасқанына - 27 жыл. Осыған орай, Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында «Дәуір тоғысында» атты қор көрмелер циклі ашылды. Шара президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы туралы кеңінен баяндауға бағытталған. Мұнда фотосуреттер, кітаптар және жәдігерлер топтастырылған. Экспозицияда кілемдер мен түскиіздердің үлгілері қойылған. Бұл бұйымдарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа түрлі мемлекет және үкімет басшылары, елшілер және басқа да шетелдік белгілі тұлғалар сыйға тартқан.
Азамат НҰҒМАНОВ