Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала ұлы» атты көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала ұлы» атты көрмесі басталды

30.11.2021

Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы дала ұлы» атты көрмесі басталды. Шара «Мәңгілік ел» идеясының авторы – Елбасының тәуелсіздік жылдары атқарған ерен еңбегін насихаттайды.

Сондай-ақ, қазақ халқының егемендікке жету жолындағы тар жол тайғақ кешуін дөп басып көрсетеді. Шараға Нұржан Қарымсақовтың ең үздік 20 картинасы ілінген. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 11 желтоқсанға дейін көрмені тамашалауға мүмкіндік бар.


Хабарламаларға жазылу