Биыл мектеп бітірген 21 мың түлек тегін кәсіптік білім ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл мектеп бітірген 21 мың түлек тегін кәсіптік білім ала алады

09.02.2017
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бүгін осы бағытта әзірлеген бағдарламасымен бөлісті. Жоспар бойынша кәсіби-техникалық білім колледждердің қабырғасында ұйымдастырылады. Мұндай оқуға ең алдымен жоғары оқу орнына түсе алмаған түлектер қабылданады. Бұдан бөлек, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қысқа мерзімді курстар ашылмақ. Осындай курстар арқылы тағы да 26 мың адам кәсіптік білімін жетілдіреді.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу