Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясында Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен соңғы қоңырау салтанаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясында Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен соңғы қоңырау салтанаты өтуде

25.05.2015
Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясында Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен соңғы қоңырау салтанаты өтуде

Соңғы қоңырау  мектеп кезіндегі тамаша сәттердің аяқталу мерзімі, мектеп ұжымының ұзақ дәстүрін сақтайтын, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуге, қазақстандық түлектерге азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті үйрететін мереке.

Оқу орны Ақмола қалалық кеңес депутаттарының атқару комитетінің шешімі негізінде, 1940 жылы №3 ер балалар  мектебі ретінде ашылған.

Бүгінде №3 мектеп-гимназия қазіргі заманға сай білім беру мекемесі. Оның негізінде үш эксперименталды алаң, олар: 12 жылдық білім беру жүйесі, ерте жастан бастап ағылшын мен француз тілдерін оқып білу, e-learning электрондық оқыту кіреді.

Биыл республикада 7 563 мектепте 2,6 млн оқушы білім алады. Биыл 11 сынып 124 мың түлек бітіреді. 2-15-ші маусым аралығында ҰБТ-ға 87 770 түлек қатысады. 4 498 түлек, оның ішінде Астана қаласынан 180-і «Алтын белгі» белгісін алуға үміткер.

Хабарламаларға жазылу