Осы жылы Павлодар облысында үш тілді білім беретін мектептер саны 66-ға жеткізіледі - Болат Бақауов

19.04.2016
Осы жылы Павлодар облысында үш тілді білім беретін мектептер саны 66-ға жеткізіледі - Болат Бақауов

Биыл Павлодар облысында үш тілді білім беретін мектептер саны 66-ға жеткізіледі. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Павлодар облыстық өңірдің әкімі Болат Бақауов мәлім етті.

«Көп тілді бірім беру бағдарламасын іске асырып жатқан мектептер саны артып келеді. Егер де 2013 жылы 14 мектеп болса, биыл олардың саны 66-ға жеткізіледі», - деді әкім.

Бұдан бөлек ол 12 жылдық білім беру моделіне көшу аясында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Балаларды мектеп алдындағы дайындықпен 100 пайыздық қамту қамтамасыз етілді. 1 қыркүйектен екі мектеп бастапқы білім берудің жаңа мемлекеттік стандартын апробациялауға қатысады. Мұнымен қоса, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше мән беріліп отыр.

Хабарламаларға жазылу