Құқық қорғау органының ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде арнайы тексеру жұмыстары жүргізгені айтылған. Онда Білім басқармасының оқу кестесіне қатысты әлі нақты шешім қабылдамағандығы жазылған.
Алайда, прокуратура өкілдері қала әкімдігіне жаңа өзгеріс енгізілсе, заңға қайшы болатынын алдын ала ескертті. Еске сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Астана қаласының әкімдігі қаладағы көлік кептелісін азайту үшін, бірқатар мектептерде сабақты таңғы 7:40 -та бастауды ұсынған еді.
Айдана ҮСЕНБАЙ