Алматыда биыл 26 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда биыл 26 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

01.09.2015
Алматыда биыл 26 мың оқушы бірінші сыныпқа қабылданды

Қаладағы 202 мектеп  жаңа оқу жылына дайын.

Солардың бірі - Мүслім Базарбаев атындағы № 138-ші Қазақ гимназиясында алғашқы қоңырау салтанатты рәсімі жоғары деңгейде өтті.

Еліміздегі үздік 20 білім беру орталығының қатарына енетін білім ошағы бүгін 100 оқушымен толықты.

Ал, Абай атындағы республикалық дарын мектебі 100 оқушыға есігін айқара ашты. Шәкірттерді 8-ші сыныптан бастап қабылдайтын білім ордасы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытады. 

 

 

  Нұрлан АСҚАРҰЛЫ                                      

Хабарламаларға жазылу