Биыл Астанада 18 мың оқушы 1 сыныпқа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астанада 18 мың оқушы 1 сыныпқа барады

15.08.2018

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді. Жаңа оқу жылында астаналық балалар 105 мектепте білім алмақ. Жалпы, оқушы саны 155 мыңға жуық. Балабақша мәселесі де шешімін тауып келеді. Соңғы екі жылда e-astana арқылы балабақшаларға 43 мыңнан астам жолдама берілді. Биыл бас шаһарда 480 орынға арналған 2 мемлекеттік балабақша ашылды.

Әнуар Жанғозин, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы:

- 336 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс істеуде. Жыл сайын мекемелер саны артып отыр. Соның арқасында соңғы екі жыл ішінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету 70 пайыздан 81 пайызға дейін өсті.

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу