
Грантқа ие болған 2714 талапкер осы жоғары оқу орнын таңдаған.
Оның 450-дейі «Алтын белгі» иегері болса, 231-і республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Грант санының 70 пайызын техникалық және технологиялық мамандықтар құрайды. Білім ордасы жылда түлектерге арнап бірқатар жеңілдіктер жасайды.
Ауылдық квота бойынша 362, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 бала қабылданыпты. Мүгедек жандар үшін 12 орын бөлінген.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
