Жемқорлық жайлаған 7 жекеменшік университет анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлық жайлаған 7 жекеменшік университет анықталды

04.03.2020

Елдегі әрбір оныншы студент сессиядан сүрінбей өту үшін пара береді. «Жас Отан» жүргізген сауалнамаға 15 аймақтан, 20-мыңнан астам студент қатысқан. Жемқорлық жайлаған жеті жекеменшік университет анықталды. «Астана медицина университеті» оза шауып алда келе жатса, екінші және үшінші орындарда Түркістанның «Сырдария» университеті мен Алматының «Қазақ туризм және спорт» академиясы тұр.

 Білім алады деген аты болмаса, мұндағылардың дені сатып алады. Оған «Жас Отан» жасаған рейтинг дәлел. Белсенділер жасырын сауалнама жүргізген. Әрбір оныншы студент «сессияны білім емес, ақша жабады»,- деп жауап берген.

 «Жас Отандықтар» жыл сайын зерттеуін жариялап, сірескен сеңді орнынан қозғалтқандай болады. «Жас отанның» 2014 жылғы есебінде сессияны жабу үшін 30-40 мың керек болса, биыл оның көлемі 200 мың теңгеге жеткен. Ал қалғаны қаз қалпында.

Ғабит БӨКЕНБАЙ


Хабарламаларға жазылу