Бүгін Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов дарынды балаларға арналған астаналық жаңа № 81 гимназия - «Astana English School»-ға барады.
Естеріңізге сала кетейік, 1200 орынға арналған № 81 «Astana English School» гимназиясы мектеп оқушыларына өз есігін алғаш рет ашқалы отыр.
Мектептің жалпы ауданы - 11765,60 ш.м., барлығы 54 кабинет, оның 2 – мультимедиялық, акт залы, кітапхана, ағаш пен металл және матаны өңдеу шеберханалары. Оқыту тілі: қазақша және ағылшынша.
2015 жылы бірінші сыныпқа шамамен 340 мыңға жуық қазақстандық бүлдіршіндер барады. Олардың әрқайсысы, өздерінің алғашқы оқу жылында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан естелік сыйлық ретінде - «Менің Отаным - Қазақстан» атты кітабын алады.
Салтанатты шараның соңында Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов пен министрлік қызметкерлері жаңа гимназияның жұмысымен танысады.
Сондай-ақ, қонақтар 5 сынып оқушыларының ағылшын тілінде өтетін интерактивті сабағына, 7 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін: «Қазақстан жолы: 5 реформа және 100 қадам» тақырыбындағы сынып сағатына, 6 сыныпқа арналған ағылшын тілінде өтетін биология сабағына және «EXPO-2017 – болашаққа сенімді қадам» тақырыбындағы ағылшын тілі сабағына қатысады.
Бұдан соң Аслан Сәрінжіпов «Astana English School»-дың педагогикалық ұжымымен кездесу өткізеді.