Қазақстандық физиктер – үздік ондықта (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық физиктер – үздік ондықта (толығырақ)

21.07.2014
Қазақстандық физиктер – үздік ондықта (толығырақ)

Астанада өткен физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиадада Қазақстан намысын қорғаған мектеп оқушылары 3 алтын мен 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Осылайша, еліміз мықты мемлекеттердің ондығына енді.

Командалық есепте Қазақстан 8-ші орыннан көрінді.  Білім бәйгесінің салтанатты жабылу рәсімі кеше өтті. Бұл шараға әлемнің 85 елінен делегат келді. Олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов халықаралық олимпиада эстафетасын Астана Нью-Делиге тапсыратынын айтып, білім бәйгесіне қатысушыларды жарыстың аяқталуымен құттықтады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Қазақстан үшін Копенгаген сияқты қаладан кейін физиканың үшінші әлемдік астанасы атануы – үлкен мәртебе. Қазақстан – ғылым мен техниканың дамуына ерекше назар аударады. Алдағы техникалық өрлеудің дамуы талантты да тәрбиелі, жалынды жастарымыз арқылы мүмкін болатынын біз айқын ұғынамыз.

Хабарламаларға жазылу