Астанада жаңадан ашылған Нобель академиясы өкілдігі мектеп оқушыларына бес грант бөліп отыр.
Бұл туралы бүгін журналистермен өткен баспасөз маслихатында Людвиг Нобельдің шөбересі - Филлипп Нобель мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндігін пайдалана отырып, кез келген азаматтың білім алу жолдарын жетілдіру керек. Осы проблеманы бірден-бір шешу жолы ол қашықтықтан оқыту идеясы. Әлемнің ең беделді оқу орны білім нәрімен сусындағысы келген тәлімгерлерді қабылдайды.
Сондай-ақ, Нобель академиясы екінші жоғары білім аламын, магистратурада оқимын, біліктіліктігін арттырамын деген азаматтарды да қабылдайды.
Ләззат БЕКТАС