Кедейшілікпен қалай күресеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедейшілікпен қалай күресеміз?

20.10.2019

Нобель сыйлығы деп формальді түрде саналмайтын, бірақ сол комитет тағайындап, соның сыйлық беру рәсімінде табысталатын марапатты АҚШ-ң жетекші университеттерінің ғалымдары Майкл Кремер және ерлі-зайыпты Эстер Дюфло мен Абхиджит Банерджи алады. -Олар кедейшілкпен күресте үлкен проблеманы көптеген майда мәселелерге бөліп, жауаптарын проблема өткір тұрған жерде тәжірибе жүргізе отырып табу керектігін дәлелдеді, деген Швед ғылым академиясы.

Иә, кедейшілікпен күрестің дайын рецептісі жоқ. Біздің елімізде де азаматтардың кедейшілік қамытынан құтылуы – жұмыс істеуі – тіпті бизнес ашуы үшін көптеген бағдарламалар қабылданды - олар бойынша оқытып, сосын жұмыс орындары мен жеңілдетілген несиелер ұсынылып жатады. Дегенмен... Дегенмен сеңнің көбесі сөгілмейтіні неден? Ержан Қалымбайұлының сараптамасы.

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу