Ақтөбеде ғарыш саласының мұражайы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ғарыш саласының мұражайы ашылды

13.04.2015
Ақтөбеде ғарыш саласының мұражайы ашылды

Қала тұрғындары бір апта бойы ғарыш кемелерінің макеттерін көріп, тарихи құжаттармен танысуға мүмкіндік алды.

Шараның басты мақсаты – ғылым саласындағы жетістіктерді насихаттау. Ғарышты игеру адамзаттың ұлы жетістігінің бірі.

Көрмеден Ресейден әкелінген жәдігерлерден бөлек «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихы мен ғарышкерлер өмірі туралы, тіпті олардың ас мәзіріне дейін толық ақпарат алуға болады.

   

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу