Астанадағы мектеп-лицейде Тоқтар Әубәкіров атындағы кабинет ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы мектеп-лицейде Тоқтар Әубәкіров атындағы кабинет ашылды

06.12.2017

Астанадағы №50 Қазғарыш мектеп-лицейінде Тоқтар Әубәкіров атындағы кабинет ашылды. Ашылу салтанатына тұңғыш ғарышкердің өзі қатысты. Кабинеттен тау тұлғаның алғаш зау көкке көтерілген сәті бейнеленген суреттерді көруге болады. Өзінің аты берілген ғимаратта Тоқтар Әубәкіров оқушылармен кездесіп, өмір жолынан естеліктер айтты.  Соңында суретке түсіп, әр оқушыға естелік ретінде қолтаңбасын қалдырды. Игі шара Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналып өткізілді.

Тоқтар Әубәкіров, тұңғыш ғарышкер:

- Бұл сыныптың үлкен мәні бар. Балалар физика, химия, астрономиямен шұғылданады. Жастарға айтарым, болашақта ғылымды игеру керек.

Хабарламаларға жазылу