Өскеменде «Ой-сана» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Ой-сана» байқауы өтті

26.03.2015
Өскеменде «Ой-сана» байқауы өтті

Өскеменде қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің «Ой-сана» облыстық байқауы өтті. Осымен 5-ші рет ұйымдастырылған байқаудың тақырыбы биыл елімізде өтетін негізгі шараларға арналды.

Аймақтың аудан мен қалаларынан жиналған қатысушылар алдымен Қазақ хандығының 550, Жеңістің 70 жылдығы мен Ассамблея жылы және Конституцияның 20 жылдығы жөнінде эссе жазды.

Бұдан соң лексикалық-граматикалық тапсырмалар бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, қара өлең оқу шеберлігінен де сынға түсті. Байқауға барлығы 12 адам қатысты.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу