«Болашақ» бағдарламасына биыл 600 грант бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» бағдарламасына биыл 600 грант бөлінеді

02.03.2015
«Болашақ» бағдарламасына биыл 600 грант бөлінеді

Былтыр бағдарлама аясында 780 грант бөлінсе, биыл 600 грант бөлу қарастырылған.

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов хабарлады. 

Үміткерлерден құжат қабылдау сәуірде басталып, қазанға дейін жалғасады. Биыл магистратура мен докторантураға басымдық беріледі.

Жалпы қазіргі таңда әлемнің 25 елінде 1823 қазақстандық осы бағдарламамен білім алуда.

Ал, брифингке қатысқан Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев министрліктің «шақырылған профессор» бағдарламасы жайлы айтып берді.

Жоғары оқу орындарының халықаралық қатынастарын жақсарту мақсатында жасалған бағдарламаның қаржыландырылуы азайғанымен, бағдарлама ары қарай  да жалғаспақ.

Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

Өткен жылы 2 миллиард 880 миллион теңге қаржы бөлініп, 1700 профессор келген. Биыл бұл бағдарлама сәл қысқаруда. Оның қаржысы 1 миллардтың ауқымында болады. Яғни, 500-дей профессор 10 ЖОО келуі қажет деп жоспарлаудамыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу