Астанада «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережелері таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережелері таныстырылды

21.04.2015
Астанада «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережелері таныстырылды

Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.

Оның айтуынша биыл Үкімет қаулысымен бағдарламаның жаңа ережелері бекітілген.

Оған сәйкес құжаттарды қабылдау науқаны 13 сәуірден бастап, 1 қарашаға дейін жалғаспақ.

Талапкерлерге стипендия тағайындау мерзімі шілде, тамыз және желтоқсан айларында өтеді.

Айта кетейік, биыл республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» бағдарламасына 600 шәкіртақы бөлінген.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу