Зырян ауданындағы орта мектептің құрылысы аяқталатын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зырян ауданындағы орта мектептің құрылысы аяқталатын емес

07.02.2015
Зырян ауданындағы орта мектептің құрылысы аяқталатын емес

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында орта мектептің құрылысы бітер емес.

Чапаев ауылындағы жаңа білім ошағы осыдан үш жыл бұрын пайдалануға берілуі тиіс еді.

Бірақ, құрылысқа жауапты мердігер  міндетін дұрыс атқармай, істі жарты жолда қалдырды.

Ал, ауылдағы оқушылар осыдан жарты ғасыр бұрын салынған ескі балабақша ғимаратында білім алып жатыр. 

Бүлдіршіндер ойнайтын бөлмелердің сынып бөлмелеріне айналғанына 8 жылдан асты. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу