Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

04.08.2023

Түркістан облысында 8 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес. Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметінше, жоспар бойынша аталған мектептердің 5-еуінде жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталуы керек болған. Алайда күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр. Сондықтан бұл мектептердің оқушылары, қыркүйекте көрші ауылдарға тасымалданып оқытылады.

Тағы үш мектептің балаларға, мемлекеттік лицензиясыз, білім беріп келгені анықталды. Департамент тарапынан тиісті хаттама толтырылып, материалдар Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби аудандарының сотына жолданған.

Жанар Сатыбалдықызы, Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары:

Атап айтқанда, Сарыағаш ауданындағы 78 жалпы орта мектебі, Қазығұрт ауданындағы 1 жалпы орта мектебі, ал Төлеби ауданындағы Лашкар Тәжібаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі 5-11 сынып оқушыларын қабылдай алмайды. Неге десеңіздер, бұл мектептердің білім беру қызметімен айналысуға лицензиялары немесе лицензиялық қосымшалары берілмеген.


Айнұр Әбілқасымқызы 

Хабарламаларға жазылу