Жамбыл облысында бір күнде 5 білім ошағы пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында бір күнде 5 білім ошағы пайдалануға берілді

21.01.2022

Былтыр құрылысы басталған 3 мектеп толық аяқталып, тағы 2 мектептің қосымша ғимараты салынып бітті. Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін жарамсыз болып қалған Жібек жолы ауылындағы 150 орындық білім ошағының құрылысы небәрі 4 айда аяқталды.  

Бейсен Жүргенбаев, ауыл тұрғыны:

4 айдың ішінде көп адам сенген жоқ еді. Осындай керемет ауданның алдыңғы мектептерінің бірі болады деп. Кім біледі, мүмкін осы балалардың ішінен үлкен академик, профессор, палуандар, жақсы білімгерлер де ауылдан шыққан.

Сондай ақ, қаладағы «Шалғай қарасу» алқабында 600 орындық, ал шалғайдағы Шахан ауылында 100 оқушыға арналған білім ошағы пайдалануға берілді. Енді ауыл балалары оқуды жаңа мектепте жалғастырады. Көкөзек ауылындағы орта мектеп пен аудан колледжіне жанама салынған ғимараттардың да құрылысы толығымен аяқталды. Соңғы 2 жылда өңірде 41 мектеп салынды.

Светлана Баятова, алқап тұрғыны:

Біздің балаларымыз алыстан қатынайтын 52 мектепке. Міне, мектеп ашылып, балалардың қуанышында шек жоқ. Ата-аналар да қуаныштымыз. Балалар автобустармен қатынағанда соларды уайымдап отыратынбыз.


Хабарламаларға жазылу