1 қаңтардан бастап жоғары санаттағы ұстаздардың жалақысы 91 494 теңгені құрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қаңтардан бастап жоғары санаттағы ұстаздардың жалақысы 91 494 теңгені құрайды

01.01.2015
1 қаңтардан бастап жоғары санаттағы ұстаздардың жалақысы 91 494 теңгені құрайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықаралық тәжірибені зерделеп, азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін әзірлеген.

Еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру үш кезеңмен жүргізiлмек.

Бірінші кезеңде жүйенің негізгі компоненттері жетілдіріледі. Екінші кезеңде еңбекақы төлеу тетігін соңғы нәтижелер бойынша енгізу көзделуде.

Ал, үшінші кезеңде сараланған үстемақы енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.

Жаңа жүйе мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі арасындағы алшақтықты қысқартады. Ұстаздар, дәрігерлер еңбегінің мәртебесін көтереді.

Хабарламаларға жазылу