Мектеп оқулықтары санитарлық талаптарға сай емес. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында бас санитар Жандарбек Бекшин мәлім етті. Оның айтуынша, бүгінгі кітаптардың салмағы ауыр.
Оқулықты жасауға қолданылған қағаздың сапасы нашар. Сондықтан жыл соңына жетпей, жыртылып жатады. Оқулықтардағы суреттер мәтіннің мазмұнын ашпайды. Жыл сайын жасалатын сараптаманың нәтижесі осындай.