Астана күні қарсаңында ашылған Ұлттық қорғаныс университеті жаңа оқу жылына кірісті. Бүгін Қорғаныс министрі Серік Ахметов оқу орнына арнайы барып, оқытушы құрамы мен шәкірттерге дәріс оқыды.
Қазіргідей алмағайып уақытта азаматтарымыз алаңсыз, халқымыз қауіпсіз күн кешу үшін қорғанысымыз мығым болуы керек. Ол – тек білімді әскерилердің қолында. Сондықтан, көп білуге тырысыңыздар, деді министр. Айта кетейік, биыл университетке екі жүзден астам магистрант пен докторант қабылданды.
Досымжан ЕРМҰРАТ