ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысына кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ байқаушылары жұмысына кірісті

08.12.2020

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары жұмысына кірісті. Миссия құрамына қысқа және ұзақ мерзімді байқаушылар енген. Сарапшылардың негізгі командасы осыдан екі күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласына келіп үлгерді. Бұл жөнінде бүгін Орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездескен миссия жетекшісі мәлімдеді. Ол Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына дейін және сайлаудан кейін де орын алатын процестер назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Ярослав Доманский өткен жылғы науқанда қалыптасқан ынтымақтастық биыл да жалғасарынан үмітті.   

Ярослав Доманский, ЕҚЫҰ байқаушылары миссиясының жетекшісі:  
-Әуелі Қазақстан тарапына аккредитациядан өте қысқа уақытта өткізгендері үшін алғыс айтамын. Дүйсенбі күні бізге тағы 10 қатысушы елден 24 ұзақмерзімді байқаушы келіп қосылады. Олар бүкіл ел аумағына бөлініп, сайлау өткен күннен кейін де осында қалады. Сайлау бюроның барлық әдістемелеріне сай өтеді деп үміттенеміз.   

Ләйлә Дулатқызы 


ЕҚЫҰ байқаушы

Хабарламаларға жазылу