Дариға Назарбаева: Ұлттық ғарыш орталығын әлі де жетілдіре түсу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева: Ұлттық ғарыш орталығын әлі де жетілдіре түсу керек

28.12.2017

Ұлттық ғарыш орталығын әлі де жетілдіре түсу керек. Бүгінде ол мемлекеттің инвестициясына мұқтаж. Болашақта өзін-өзі толық ақтап, мемлекет игілігіне жұмыс істейтіндей жолдар қарастырылмақ. Бұл туралы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева айтты. «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының өнімдері бүгінде сұранысқа ие. Шетелден де жер серігінің жұмысына қатысты түрлі тапсырыстар түседі. Жоғары палата өкілдері «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» тікұшақ құрастыру зауытында да болды. Нысанның бүгінгі тынысымен танысып, болашақ жоспарларын тыңдады. Дағдарыс кезеңінен енді оңалып келе жатқан компанияның жұмысына сәттілік тіледі.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы:

- Өнеркәсіпті қолдау керек. Бірталай қаражат салдық. Үкімет арқылы ары қарай дамитын жолын табу керек. Мүмкін бағдарлама болуы керек шығар, соны ойластырып жатырмыз.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу