Талдықорғанда «Мектепке жол» акциясы келесі айдың аяғына дейін жалғаспақ. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда «Мектепке жол» акциясы келесі айдың аяғына дейін жалғаспақ.

27.08.2014
Талдықорғанда «Мектепке жол» акциясы келесі айдың аяғына дейін жалғаспақ.

«Мектепке жол» акциясы Алматы облысында да өз жалғасын табуда. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал жетекшілері  бұл шараға өңірдегі мекеме-кәсіпорын басшыларын, мәслихат депутаттары мен қалталы азаматтарды жұмылдыруда. Олар, өз кезегінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған және асыраушысынан айрылған мектеп жасындағы балаларға қамқорлық көрсетіп, алдағы оқу жылын кедергісіз бастауына атсалысып келеді.

Жаны жомарт жандар оқушыларды құрал-жабдық, киім-кешекпен толықтай қамтамасыз етті. Облыс бойынша бұл акция аясында 10 мыңға жуық баланы мектепке даярлау жоспарланған.  Сондықтан, шара келесі айдың аяғына дейін жалғасады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу