2015 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 44 пайызға дейін төмендеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 44 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

25.02.2015
2015 жылы Қазақстанның экспорт көлемі 44 пайызға дейін төмендеуі мүмкін

Ұлттық банктің осындай болжамын сенаторлар жариялады. Әйтсе де, инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығында тұрақталып қалмақ.

Сондай-ақ, мұнай өндіру тоқтап қалған Қашаған жайын сөз еткен сенаторлар уайымдауға еш негіз жоқ деп сендірді. 

2016 жылы кен ошағы «қара алтын» бере бастайды, және бұл процеске мұнай бағасының құлдырауы еш әсер етпейді.

Себебі ел Үкіметінің мұнай баррелі 30-40 долларға төмендеуге де әзірлеп қойған жоспары бар. Сондықтан Қазақстанның мұнай саласы одан әрі дами бермек.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу