Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

09.08.2023

Елімізде базалық мөлшерлеме төмендеуі мүмкін. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы оны 16,25 пайызға дейін түседі деп болжайды. Ал келер жылы ол 13 пайызға дейін азаюы мүмкін. Жалпы базалық мөлшерлеме қаржы жүйесіндегі ақшаның құнын анықтайды. Яғни, несие мен депозиттің пайызына да әсер етеді. Инфляцияға қатысты болжам да оптимизмге толы. Ол келесі жылы 12 пайызға дейін төмендеуі мүмкін.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу