Алматыда ТМД елдерінің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңесінің XVIII сессиясы басталды. Онда өткен жылғы геологиялық ізденістің жұмыс нәтижелері баяндалды.
Бастысы тараптар қазба байлықтарды бірлесе таба отырып, экономиканың негізгі күші минералды-шикізат көзімен толықтыруға ден қоймақ. Достастық мемлекеттері елімізге геологиялық барлау жұмысын жандандыруға соңғы 4 жылда 51,7 миллиард теңге құйса, алдағы 5 жылдыққа 120 миллиард теңге қарастырған.
Айгүл ЕРМАХАН