Инновациялық автобусқа 200-ден астам жоба қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инновациялық автобусқа 200-ден астам жоба қабылданды

18.07.2014
Инновациялық автобусқа 200-ден астам жоба қабылданды

23-маусымда өңірлерге жол тартқан инновациялық автобус 270-ке жуық тың жобаны қабылдады. Бүгін мамандар қостанайлық өнертапқыштармен кездесіп, ертең Астанаға оралады.

Әр қалада өтінім қабылдайтын арнайы орталықтар бар. Егер жаңа жобаларыңыз болса осы айдың соңына дейін мүмкіндіктеріңіз бар. Жиналған өтінімдерді комиссия өкілдері қарап, үздік 16 жобаны таңдайды.

Ол өнертапқыштар телеарна арқылы көпшілікке танылады. Сөйтіп жеңімпаздар анықталады. Бірінші орын иегері 7 жарым миллион теңгеге, екінші орын алған адам 2 жарым миллион теңгеге, үшін орын иесі 1 миллион теңгеге ие болады.

Бауыржан Айтілеу, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры:

Өткен жылы 370-тей өтінім қабылдадық. Ал, биыл өтінім қабылдау әлі біткен жоқ. Осы айдың соңында аяқталады. Қазіргі кезде 226 емес, 270-тей өтінім жиналды. Осы айдың соңына дейін 400-ден астам өтінім жиналады деп отырмыз.

Сәкен Сейітханұлы

 

Хабарламаларға жазылу