Ұлттық ұлан 800 сарбазбен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ұлан 800 сарбазбен толықты

05.02.2018

Астанада 5573 әскери бөлімінде жас жауынгерлер отанға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген тепсе темір үзер жігіттер 40 күн арнайы дайындықтан өткен. Енді олар бас қаламыздың тыныштығы мен көше тәртібін қамтамасыз етуге атсалысады. Маңызды сәтте аязды күнге қарамай сарбаздарға қолдау білдіру үшін  екі жарым мыңнан аса туған-туыстары жиылған. Жас ұландарға биыл үлкен жауапкершілік артылмақ. Себебі, олар Астананың 20 жылдығындағы  маңызды іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Виктор Ахрамов, сарбаз:

- Бүгін біз үшін өте маңызды күн. Себебі, біз жас сарбаздар салтанатты түрде ант қабылдадық.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу