Инженерлік білім сапасын көтеру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инженерлік білім сапасын көтеру керек

03.07.2014
Инженерлік білім сапасын көтеру керек

Орталық Азияда жаратылыстану-техникалық оқу бағдарламаларын аккредитациялауды Еуропалық стандарттарға және жұмыс берушілердің талаптарына сай дайындау қажет.

Бұл қадам инженер мамандардың  әлемдік еңбек нарығында еркін бәсекелесуіне мүмкіндік бермек. Айтылған мәселелер бүгін Алматыда өткен инженерлік білім беруді аккредитациялау ұлттық форумында талқыланды.

Отандық және шетелдік білімгерлер келер буын соны технологияларды еркін меңгеріп нарықта сұранысқа ие болу үшін қазір халықаралық талапқа сай техника саласындағы оқу  бағдарламасының сапасын жақсартпақ. Ол өз кезегінде заманауи инженерлік жүйеде білім беру ісінің ілгері басуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ, қазақстандық инженер мамандардың біліктілігін растайтын тәуелсіз сертификациялау орталықтары ашылады.

Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры:

Біз Еуроодақпен келісіп,  олардың талабына  сай орталық құрып отырмыз. Болашақта  түлектерді сертификациялап диплом беріледі. Сол дипломмен  Еуропаның  әр елінде жұмысқа орналасады.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу