Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан емхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан емхана салынады

20.06.2014
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан алдағы 2-3 жылда 500 адамға шақталған емхана салынады.
 
Осы мақсатқа Оңтүстік Корея 150 миллион АҚШ доллар инвестиция құймақ.
 
Күні кеше екі ел арасында маңызды меморандумға қол қойылды. Қазір құрылысқа қажетті барлық құжаттар дайын.
 
Соны технологиямен жабдықталған орталықта студенттер емделе алады, тәжірибе жинауларына да мүмкіндік бар.
 
Айта кетейік, Ұлттық университет бұдан бөлек, Оңтүстік Кореяның Ёнсе университеті жанындағы «Канннам Северанс» клиникасымен бірлесе, медициналық-биологиялық кластер жасап жатыр.
 
Ғалымқайыр Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры:
Бірінші сатысы бойынша диагностикалық орталықты аяқтадық. Барлық жабдықтау, логистикасы, менеджменті Корей орталығымен жасалды. Соңғы уақытта Оңтүстік Корея медициналық туризмде бірінші орынға шықты. Сапасы, деңгейі жоғары.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу