Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумы басталды

11.06.2014
Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумы басталды
Назарбаев университетінің базасында жоғары технологиялық және индустриялық алаңның ғылыми паркі құрылмақ.
 
Бұл жерде жаңа идеялар жүзеге асырылатын болады. Қазірдің өзінде университет қабырғасында энергетика, қоршаған орта, компьютерлiк технология, биохимия, физика саласы бойынша 45 ғылыми жоба дайындалып жатыр.
 
Бұл туралы Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумында айтылды.
 
Қазiр тек бiлiм алып қана қою жеткіліксіз, тәжiрибе маңызды рөл ойнайды.
 
Осы орайда Назарбаев университетінің рөлі ерекше. Форумға еліміздің жетекші университеттерінің және Кембридж, Торонто, Хартфорд университеттерінің ғалымдары қатысуда.
 
Джейн Найт, Торонто университетінің профессоры (Канада):
Бүгін біз табысты университет дегеніміз не, жалпы, табысты университет құрудың жолы қандай, деген мәселелерді талқылап жатырмыз. Университет табысқа жету үшін мен мына қарапайым үш нәрсеге мән беру қажет дер едім. Алғашқысы терең білім, сосын тәжірибе, соңғысы инновация мен ғылымға көңіл бөлу.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу