Гүлшара Әбдіқалықова жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумына қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумына қатысты

07.06.2018

«Жер бетінде ақылды жастарды өзіне тарту үшін жоғарғы оқу орындары арасында жарыс жүріп жатыр. Ал, Назарбаев Университеті осы трэндті уақытылы түсінді». Осымен 7-ші рет өтіп жатқан Жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумында университет ректоры Шигео Катсу осылай деді.

Шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова да  қатысты. Ол  әлемнің 11 елінен келген ғалымдар алдында елімізде адам капиталына қаншалықты мән беріліп жатқандығы турасында баяндама жасады. Озық технология, дағдыларды дамыту, адами қарым-қатынас секілді негізгі тақырыптар бойынша спикерлер өзара пікір алмасты. Кейінірек Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті өнертапқыштардың ақыл-ойынан шыққан технологиялық көрмені аралап көрді. 

Уэң Тат Хуэй, Назарбаев Университетінің жоғары мемлекеттік саясат мектебінің деканы:

- Форум барысында спикерлер қарым-қатынас жасау қабілетінің адам өміріндегі рөлі айтылды. Өзге адамдарға әсер ете білу, командада жұмыс істеу де аса маңызды. Біздің мектептің де негізі ұраны білімді маман тәрбиелеумен қоса, өз өмір жолында дұрыс таңдау жасауды үйрету.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу