Бүгін - Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Еліміз бойынша ҰБТ-ның алғашқы күні аяқталды. Түлектердің бірінің көңілі күпті болып, бірінің қуанышы қойнына сыймай үйлеріне тарқасты. Бүгінгі күн бойынша елордалық түлектердің жинаған ұпайларының жалпы қорытындысы әзірге белгісіз. Еліміз бойынша нәтижелердің барлығы бір орталыққа жиналуда.
Жасұлан Сарбасов, жас түлек:
Қыркүйек айынан кешегі күнге дейін дайындалдым. Ең басты мақсатым - ата-анам мен ұстаздарымның үмітін ақтау болатын. Сол мақсатыма жеттім. Менің нұсқамда ешқандай келеңсіз сұрақтар болған жоқ. Ендігі арманым - беделді университетке оқуға түсу, мықты заңгер болу.
Айта кетейік, ҰБТ еліміз бойынша 8-маусымға дейін жалғасады. Тест тапсырушы түлектер сынақ нәтижесіне көңілі толмаса, апелляциялық шағым түсіре алады.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«E-museum» веб-порталы жаңартылды
24.12.2025, 20:57
Бүгін Бауыржан Момышұлының туған күні
24.12.2025, 20:54
Ел әскерінің қатарында егіздер де бар
24.12.2025, 20:47
Президент шыршасына 100-ден астам дарынды оқушы қатысты
24.12.2025, 20:43
Биыл 200 колледж студенті шетелде білім алды
24.12.2025, 20:15
Тұрғындар биыл жаңадан 1 млн депозит ашты
24.12.2025, 20:10
Елімізде қолма-қол төлемнің үлесі көбейді
24.12.2025, 20:09
Кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр
24.12.2025, 20:08