Грекияның мемлекеттік қазынасында бюджеттік қызметкерлерге айлық төлейтін қаражат қалмады
Осы айдың өзінде үкімет халыққа жалақы түрінде 1,5 миллиард еуро берешек, қосымша мемлекеттік бағдарламаларға 4,3 миллиард еуро салуы керек.
Сонымен қатар, қазынаға жоспар бойынша 4,5 миллард еуро құюлары шарт.
Мұндай жағдайда экономикалық тұрақтылықты ұстап қалуға жәрдем қылуы тиіс банктердің өзі алақан жайып отыр.
Өйткені соңғы бір айдың ішінде салымшылар есепшоттарынан 20 миллиард еуроларын шешіп алған.
Ол аз болғандай, Грекияның сыртқы қарызы 320 миллиард еуродан асады. Сол қаражатты қайтармайынша Еуроодақ қаражат бөлмейді.
Өткен аптада Грекия Еуропадағы әріптестерінен халықаралық қаржылық қолдау бағдарламасын алты айға созуды сұраған, бірақ бүгін Германия осы соңғы үмітке де жоқ деп жауап берді.
Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды
12.10.2026, 20:33
Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда
12.10.2026, 20:17
Халықаралық сарапшы: Қазақстан адам саудасына қарсы күресті күшейтті
12.10.2026, 20:15
Варшава конференциясында Қазақстандағы реформалар жоғары бағаланды
12.10.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
12.10.2026, 20:11
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 20:10
Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты
12.10.2026, 20:09
Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді
12.10.2026, 20:05