Елімізде геологиялық зерттеулер орталығы құрылады. Енді отандық геологтар жер асты қазбаларына сараптаманы шетелде емес, өзімізде жасата алады.
Бүгін елордада «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов пен «Nazаrbaev university Research and Innovation System» бас директоры Қанат Байғарин Геологиялық зерттеулер орталығын құру туралы меморандумға қол қойды.
Ауқымды жоба Елбасының геологиялық кластерді дамыту тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Құнды құжат жер асты байлығына жүргізілетін геологиялық, геохимиялық, тәжірибелі-өнеркәсіптік зерттеу жұмыстарын жетілдіруге, сондай-ақ, Қазақстанның геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуына ықпал етпек.
Ғалым Нұржанов, ҚР ИЖТМ «Қазгеология» АҚ Басқарма төрағасы:
Геологиялық кластерде үлкен зертханалар орналастырылады. Олардың барлығы дүниежүзілік сапаға сай келетін болады. Және болашақта біздің өзімізде істеліп жатқан геологиялық жұмыстардың барлығы осы зертханалар арқылы өтеді. Біз осы арқылы өзіміздің геологиялық саланы үлкен жетістікке жеткізсек деген ойдамыз.
Айдана ҮСЕНБАЙ
|