Түлектердің үш тілді білуі қалыпты жағдайға айналуы керек
Президент Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының алдына осындай меже қойған еді. Қостанайдағы дарынды балаларға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-интернаты осы үдеден шығып отыр.
7 сынып оқушысы Айжан Төкен биологиядан үй тапсырмасын айтып жатыр. Мектепте бұл пән тек ағылшынша оқытылады. Тың тәсіл ғылымның осы саласын тиімді әрі терең игеруге мүмкіндік береді. Алайда, Айжан биолог болуды армандамайды, экономист немесе журналист болсам, дейді. Дегенмен, көп тіл білу қай салада да пайдалы.
Айжан Төкен, оқушы:
Қазір бүкіл жақсы оқу орындары үш тілде жұмыс істейді. Яғни, мен осы кезден бастап ағылшын тілін жақсы білсем, мектептен соң жоғары оқу орындарына түсуіме оңайырақ болады.
Ыбырай Алтынсарин атындағы білім ошағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін таратушы базалық орталық болып есептеледі. Әлемдегі ең озық әдістемелерді игеру үшін мұғалімдердің біліктілік деңгейін көтеру бірінші кезекке қойылған. Бұл тұрғыда Кембридж университетінің әдістемесі негізінде ұстаздарға, Назарбаев университетінің мамандары дәріс оқиды.
Құралай Жұмағұлова, директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары:
Былтыр 18 мұғалім деңгейлік курстарды аяқтады. Және 2014 жылы барлық мұғалімдер осындай курстан өтеді.
Мектепте «Шаңырақ» атты оқушылар бірлестігі жұмыс істейді. Бірлестіктің арқасында - балалар өздері қалаған мамандықтарын осы бастан танып-біледі, біртұтастыққа, ауызбіршілдікке тәрбиеленеді.
Сабина Сартова, оқушы:
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығына барлық жас аралықтарындағы балалар қызығушылығына қарай біріктіріледі. Әр шаңырақтың өз белгілері, ұраны бар. Мен жас журналистер шаңырағының көшбасшысымын.
Бұл мектепке төменгі сыныптан соң арнайы тестілеуден өтіп, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар ғана қабылданады. Сондықтан да, білім ошағындағы 402 баланың бәрінің де үлгерімі жақсы.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04