Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан келесі кезеңге өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан келесі кезеңге өтті

21.02.2018
Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан келесі кезеңге өтті

Бүгін Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы бәсеке басталды. Бұл сында қос бірдей қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Айза Мамбекова қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша 44,40 ұпайға ие болып, 30-орынға тұрақтады. Өкінішке қарай, Айза екінші кезеңге өте алмады. Ал, Элизабет Тұрсынбаеваға төрешілер 57,95 балл қойды. Үздік 15 спортшының қатарына енген ол енді ақтық сайыста өнер көрсетеді. Айта кетейік, қос бірдей отандасымыз Олимпиада алдында жарақаттанып қалған. 

 

Хабарламаларға жазылу