Юлия Галышева қазақ халқын қуаныш пен шаттыққа бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Галышева қазақ халқын қуаныш пен шаттыққа бөледі

12.02.2018

Қазақстан қоржынында алғашқы медаль. 23-ші Қысқы Олимпиада ойындарында үкілеген үмітімізді фристайл-могулшы Юлия Галышева ақтап, қола медальді жеңіп алды. Үздік алты спортшының ішінен алғаш болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже спортшымызға Олимпиаданың алтынға бергісіз қола жүлдесін сыйлады. Өйткені, Юлия үздік алтылықтың аламанына ауыр жарақатпен, яғни, гипстелген қолымен шықты. Соған қарамай, бүкіл әлемді өзіне қаратқан аруымыз қазақ халқын қуаныш пен шаттыққа бөледі.

Хабарламаларға жазылу