Юлия Галышева:Қола жүлдеге қолымның жеткенін Қазақстанға келгенде ғана сезіндім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юлия Галышева:Қола жүлдеге қолымның жеткенін Қазақстанға келгенде ғана сезіндім

22.02.2018

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева бүгін туған жері Өскемен қаласына келді. «Қола жүлдеге қолымның жеткенін Қазақстанға келгенде ғана  сезіндім», - дейді көптің қошемет-қолдауына риза болған ол. 300-ден астам жанкүйер жеңімпаз cпортшыны әуежайда қарсы алды. «Бұған дейін өзге мемлекеттерден шақырту түсті, бірақ, менің мақсатым көк байрағымызды желбіретіп, Отаныма жеңіс сыйлау еді. Жылдар бойғы тынымсыз еңбектің арқасында жүлдеге қол жеткіздім», - деді Юлия Галышева. 

Юлия Галышева, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 

- Суықтан тоңғаным соншалық, мен қола медальды тағып жатқанын сезіне алмадым. Жұқа киіммен желдің өтінде тұрып, әбден қалтырадым. Енді, мінекей ыстық ықыласпен қарсы алған отандастарыма  шексіз ризамын.  

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу