Трамплиннен секіру. Сергей Ткаченко ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының біліктілік кезеңінен өте алмай қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамплиннен секіру. Сергей Ткаченко ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының біліктілік кезеңінен өте алмай қалды

08.02.2018
Трамплиннен секіру. Сергей Ткаченко ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының біліктілік кезеңінен өте алмай қалды

Трамплиннен секіру сайысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Сергей Ткаченко ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының біліктілік кезеңінен өте алмай қалды. Жаттығу кезінде жақсы нәтиже көрсеткен отандасымыз іріктеу кезеңінде 83.7 ұпай жинап 51 орынға тұрақтады.  Ал, үздік үштікке германиялық Андреас Веллингер және қос польшалық спортшы Камиль Стох пен Давид Кубацкий енді. Естеріңізге сала кетейік, аталмыш сайысты «Qazsport» аарнасы тікелей эфирден көрсетті. Сайыс видеосын толықтай «Qazsport» арнасының сайтынан тамашалай аласыздар.

Фристайл-могул бойынша іріктеу кезеңін 9 ақпан 07:00-де «Qazaqstan» Ұлттық арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Ақ Олимпиаданың спорттық сайыстары басталып кеткенiмен, салтанатты ашылу рәсімі 9 ақпан күні сағат 17:00 басталады.

Хабарламаларға жазылу