Бейжің-2022: Бүгін конькимен жүгіру бойынша Екатерина Айдова мен Наталья Морозова жарыс жолына шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжің-2022: Бүгін конькимен жүгіру бойынша Екатерина Айдова мен Наталья Морозова жарыс жолына шығады

07.02.2022

2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева Бейжің ойындарының финалына шыға алмады. Кеше отандасымыз өнер көрсетіп, 49,74 ұпай еншіледі. Осылайша ол дүбірлі доданы 11-орынмен аяқтады. Ал Аяулым Әмренова мен Анастасия Городко және Олеся Граур үздік жиырмалыққа енді. Сондай-ақ кеше олимпия сайысына скиатлон және шаңғымен трамплиннен секіру спорты бойынша жерлестеріміз сайысқа қатысты. Скиатлоншылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко жүлдеге ие бола алмады. Трамплиннен секіру бойынша сынға түскен Сергей Ткаченко мен Данил Васильев те негізгі финалға өте алған жоқ. Ал бүгін конькимен жүгіру бойынша Екатерина Айдова мен Наталья Морозова Бейжің мұзында жарыс жолына шығады. Бәсекені сағат 14:25-те Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар. Ал сағат 14:50-де биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко іріктеу сындарын бастайды. 

Хабарламаларға жазылу